Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Мейірім Қалауи тағайындалды. Бұл туралы қалалық әкімшілік басшысы Серік Шапкенов жаңа орынбасарын таныстыру барысында айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Мейірім Қалауи әлеуметтік бағыттағы мәселелерді басқарады. Олар: білім, спорт, медицина, жастар және ішкі саясат мәселелері және тағы басқалар.