• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2016

Нобель иегері Қазақстанда эко-қала салуды ұсынды

734 рет
көрсетілді

Астанада өтіп жатқан инновациялық конгресте Нобель сыйлығының иегері Рае Квон Чунг Абу-Дабидің Масдар қаласына инвестиция құйып жатқанын айтып, сол үлгімен Қазақстанда жаңа эко-қала салуды ұсынды. "Сіздерге Масдар қаласының үлгісін ұсынамын. Сол секілді Орталық Азияда жаңа қаланың жобасын жасап, соны салуға болады", деді шетелдік қонақ. Сонымен қатар ол Қазақстан өзінің климаттық ерекшеліктерін ескере отырып жаңа шешімдер таба алатынына сенімділігін жеткізді. Электр автобустарын, күн панельдерін экспортқа шығаратын Қытайды мысалға келтіре отырып Рае Квон Чунг Монреалдың жолын айтты: "Монреалда қыс өте қатты. Бірақ оларда жердің астында орналасқан сауда орталықтары бар. Сол секілді басқа жобалар да қарастырып көруге болады. Негізі Үкімет үш Э, яғни, энергия, экономика, экология парадигмасын қолданғаны жөн", - деді ол.