• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2016

Үкіметтік емес ұйым жобаларын қаржыландыру өсті

241 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада өткен VII Азаматтық форумда Үкімет басшысының орынбасары И.Тасмағамбетов 2016 жылы үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын қаржыландыру көлемі 23 пайызға өсіп, 9 280,4 млн теңгені құрағанын мәлімдеді. Айта кетейік, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы ықпалдастықтың тиімді тетігі болуда. 2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты республикалық деңгейде 9 орталық мемлекеттік орган жариялаған. Үкіметтік емес ұйымдар қызметі аясында халықтың аз қамтылған тобын қолдау, жастар бастамаларын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамдық келісімді нығайту және тағы басқа да салаларда нәтижелі жұмыстар атқарылған. Жолдыбай БАЗАР, "Егемен Қазақстан".