• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2016

Алексей Ни неліктен құрамадан кетті?

271 рет
көрсетілді

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Алексей Ни өзінің командадан кету себебін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz. Бүгін Алексей Нидің қызметінен кететіні белгілі болды. Ол Қазақстан құрамасымен 1994 жылдан бастап жұмыс істеп, 6 Олимпиада мен 15 әлем чемионатын өткізді. Соңғы бірнеше айдың ішінде Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) қазақстандық ауыр атлеттерді 7 медальдан айырды. Оның бесеуі - алтын, біреуі - күміс, біреуі - қола. - Мен өз еркіммен ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін босату туралы шешім қабылдадым. Бұл туралы споршыларымның допинг-сынамаларын тексеру басталғанда-ақ ойлаған болатынмын. Бірақ ол кезде Рио Олимпиадасына команданы дайындап, алға жылжу керек болды. Себебі маған жауапкершілік артылды. Сол кезде, егер споршыларымды қорғай алмасам, олар медальдарынан айырылса, мен одан әрі жұмыс істемеймін, солармен бірге кетемін деп шешіп қойғанмын. Жақын арада құрамаға басқа бапкер тағайындалады, деді Ни. Алексей Ни жұмыстан кету туралы өтінішін қабылдаған Министрлікке, ҰОК мен Федерацияға, оны және спортшыларын қолдаған халыққа алғысын білдірді. "Менің қызметімнен кеткенім - спорттағы отбасымды қолдағаным. Бұл өз кінәңді мойындау емес", деді Ни.
Соңғы жаңалықтар