• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2016

Қонаев атындағы халықаралық турнир өтеді

364 рет
көрсетілді

26-27 қараша күндері Таразда Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы. Биыл турнирге Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Моңғолия мен Қазақстанның балуандары қатысады. Турнирді ұйымдастырушы - ҚР спорт және дене шынықтыру комитеті, грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы, Жамбыл облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Altais Group» компаниясы. 8 салмақ категориясының әрқайсысы бойынша жеңімпазға 5000 АҚШ доллары, екінші орынға 3000 доллар, үшінші орынға 1000 доллардан беріледі. Жеңімпаздың жеке жаттықтырушысы 1000 доллар алады.