• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2016

26 қарашаға арналған ауа райы

120 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты қар, жауын-шашын күтіледі, тек оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғып,  желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с-ға дейін  күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында  желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 25 м/с-ға дейін күшейеді. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Атырау облысында желдің екпіні 17-22 м/с болады. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз Ақтөбе олысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көтайғақ, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-23 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады.