• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2016

Павлодар облысында ас тұзы өндірілмек

376 рет
көрсетілді

Павлодар облысының Байқоныс ауылында 375 млн теңге сомасына ас тұзы өндірілетін болады, деп хабарлады Качир ауданының әкімі Жанат Шұғаев Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың төрағалығымен өткен көшпелі жиында. Қазіргі кезде 2016-2017 жылдары бұл жобаға 375 миллион теңге құюға әзір инвестор бар. Ол ас тұзын өндіруге қажетті құны 75 миллион теңге тұратын құрал-жабдықтар сатып алуды бастап кетті. "Жер қойнауын пайдалану бойынша келісімшарт жасау жұмыстары 24 айдың ішінде жүргізілуі тиіс. Алайда, инвестор бұл жұмысты 12 айдың ішінде аяқтауды жоспарлап отыр. Жобаның болашағы бар. 2017 жылы инвестор тұз өндіруді бастайды деп ойлаймын", - деп атап өтті ол. Болат Бақауов әр тірек ауылда ауыл құрушы кәсіпорын болуы керек екендігін атап өтті.