• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2016

ОҚО-да жүгері өңдеу кәсіпорны ашылды

184 рет
көрсетілді

ОҚО-да Тимур ауылдық округінде жүгері өңдеу кәсіпорны ашылды, деп хабарлады өңір әкімдігі. Жобаның жалпы құны 619 млн теңгені құрайды. Кешеннің жалпы ауданы 5,8 га жерді қамтиды. 10 тоннаны құрайтын кешенде 50 адам жұмыс істейді. «Кешен ауданда жүгері кластерін дамыту үшін негіз болады. Шаруалар енді өз өнімін шығынсыз жинап, тиімді бағамен өткізе алатын болады. Сондай-ақ, келесі жылы астық көлемін арттыру мүмкіндігіне ие болады», - деді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев салтанатты шара барысында. Кәсіпорын жүгеріні толық өңдеуді көздейтінін және Иран мен Қытайға экспортты ретке келтіріп, өнімнің 17 түрін шығаруды жоспарлайтынын атап өту қажет.