• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2016

Астанада Әбіш Кекілбаевтың асы берілді

211 рет
көрсетілді

Астанада Radisson қонақ үйінде қазақ əдебиетінің классигі Əбіш Кекілбаевтың асы берілді. Сағат түскі бірге белгіленген жиынға бес жүзге жуық адам келді. Олардың ішінде лауазымды тұлғалар, мемлекет жəне қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері жəне жазушының жақындары бар. "Алаштың абызы" атанған жазушының қайтыс болуына жыл толуына орай өткен қонақасыда ол кісінің үлкен қасиеттерін бағалаған жүрекжарды естеліктер, қимас сөздер көптеп айтылды. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіхалықова "Əбіш ағамыздың "Шыңырау", "Үркер", "Елең-алаң" шығармалары халқымыздың азаттыққа ұмтылысын көрсетті. Олар əлем əдебиетінің алтын қорына кіретін туындылар", деді. "Рухани көсемдеріміздің бірі еді. Адал еді. Адамдарды жақсы көруші еді". Бұл бүкіл сөзін Кекілбаевтың адамгершілік қасиетіне арнаған мемлекет қайраткері Өмірбек Байгелдінің сөзі. Жазушы Нұрлан Оразалин хакімдік пен əкімдікті қатар ұстаған қазақ ұлыларының ізін жалғастырушы екенін айтты. Ас барысында Әбіш Кекілбаев туралы фильм көрсетілді. Қонақтарға қаламгердің күні кеше "Егеменнің кітапханасы" сериясымен баспадан шыққан, "Егемен Қазақстанда" жарық көрген мақалалары жинақталған "Дəуір дауысы" кітабы тарту етілді.