Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, тек оңтүстік-батыста күн ашық. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлады Қазгидромет.
Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында тұман, көктайғақ, Атырау облысында желдің екпіні 17-22 м/с болады.
Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Ақтөбе олысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-23 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді деп күтіледі.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады.