Қытайдың Макао қаласында ММА аралас жекпе-жегінен әлем чемпионаты аяқталды. Оған барлығы 58 елдің спортшылары қатысты. Финалда екі қазақстандық спортшы ресейлік қарсыластарымен кездесті.
77,1 келіге дейінгі орташа салмақта Гойти Дазаев Алибег Расуловқа есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Ауыр салмақтағы Әлімжан Сүлейменов халықаралық аренаға алғаш рет шығып отыр. Ақтық сында ол Амирхан Исагаджиевке жол берді.
Қазақстан жалпыкомандалық есепте Ресей құрамасына ғана жол беріп, екінші орынға жайғасты. Ал ресейліктер жеті салмақ дәрежесіндегі алтындардың барлығына ие болды.
Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында: 2 күміс бар – Гойти Дазаев (77,1), Әлімжан Сүлейменов (+93 кг) және 4 қола медаль – Мират Бекішев (61,2 кг), Алтынбек Бақтыгелдинов (70,3 кг), Мурад Абдурахманов (84 кг) және Еркінбек Інжіл (93 кг).
Қазақстан ММА федерациясының хабарлауынша, бұл жолғы сайысқа толық қайта жасақталған құрама аттанған.