• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
28 Қараша, 2016

28 қарашаға арналған ауа райы

118 рет
көрсетілді

28 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, республикамыздың солтүстік және батыс аумақтарында атмосфералық фронттың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет. Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын,  жел 15-20, екпіні 23-28 м/с  күшейеді. Павлодар, Солтүстік Қазақстан  облыстарында жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан  облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, Жамбыл, Атырау облыстарында көктайғақ болады. Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, Маңғыстау облысында кей жерлерде, Алматы облысының Жалаңашкөл аумақтарында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.