• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
28 Қараша, 2016

Қытайда динозавр қаңқасы табылды

265 рет
көрсетілді

Қытайда құрылыс жүргізіп жатқан жұмысшылар тас болып қалған динозаврдың қаңқасын тапты, деп хабарлады 24.kz. Ғалымдардың айтуынша, ол 60-70 миллион жыл бұрын Бор дәуірінде өмір сүрген болуы мүмкін. Мамандар динозавр қаңқасына қарап, оны батпаққа батып, сол жерден шыға алмай өлген болуы мүмкін деген болжам жасады. Сонымен қатар, олар динозавр жаңғақ, дәнді дақылдар және жұмсақ денелі омыртқасыз жәндіктермен азықтанған деп санайды. «Денесі уақ малдың көлеміндей болған. Аса ірі емес. Қанаттары болғанмен, ұша алмаған. Қанатты тек жауына қарсы тұруға немесе бір-бірінің назарын аудару үшін пайдаланған болуы мүмкін. Аузында тісі болмағанымен, тұмсықты. Сондықтан тираннозаврлар сияқты жыртқыш немесе тек шөппен қоректенген бронтозаврға ұқсайды деп айтуға келмейді», – деді палеонтолог Стив Брюсатте.