• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
28 Қараша, 2016

Алматыда халықаралық қолөнер көрме-жәрмеңкесі өтеді

586 рет
көрсетілді

Биыл 3-4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі мен «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы дәстүрлі «Шығыс базары» атты Орталық-Азиялық қолөнер көрме-жәрмеңкесін өткізеді. Орталық Азия елдері қолөнершілерінің көрме-жәрмеңкесі жыл сайын Тәуелсіздік күні мен жаңа жыл қарсаңында өткізіліп келеді. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Ресей елдерінен келген қолөнер шеберлері Алматы тұрғындары мен қонақтарына өздерінің туындыларын ұсынады. Олар – жібек матадан тігілген киімдер, қолдан тоқылған бөкебайлар, ағаштан, металдан ойып жасалған кәдесыйлар мен тұрмыстық заттар, жібек жіптермен тоқылған кестелер, Риштан қыштары, зергерлік әшекей бұйымдар, кілемдер, ұлттық киімдер және тағы да басқа көптеген қолөнер бұйымдары. Бұл күндері сондай-ақ, қазақстандық белгілі суретші Гүлнәр Өмірбекованың жібекке өрнек салу әдіс-тәсілінен өткізетін шеберлік-сабаққа қатысып, сәндік-қолданбалы өнердің аталған түрін меңгере алады.