• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
28 Қараша, 2016

Н.Назарбаев: Кеңес одағының құлауы табиғи процесс еді

199 рет
көрсетілді

Кеңес одағының ыдырауы табиғи процесс болды деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында. «Өткеніміздің жақсы немесе жаман болуы  - тарих еншісінде. Тарихты қайта жасай алмайсың және "егер былай болғанда" деп сөйлеу де бұл ретте орынсыз. Мен адамдардың барлық талқылауларын оқимын, естимін. Маған әр уақытта да осы сауалды қоятын себебін де түсінемін. Мен сол уақыттағы дауылдың ортасында қалдым десем де болады. Барлығын өз көзіммен көрдім, сезіндім. Әрине, уайымдадым да. Егер естеріңізде болса, осынау буырқанған пікірталастар соңғы жылдары халық депутаттары съезінде жүріп жатқан кезде Орталық Азия мен Қазақстанның депуттары реформалар мен Кеңес одағын сақтап қалу жағында болған еді. Осылай болды, өйткені қарым-қатынас сондай еді. Түрлі жорамалдар жасауға болады. Бірақ Одақтың ыдырауы табиғи процесс», - деді Назарбаев. Мемлекет басшысы бәсекелестікке шыдай алмайтын компаниялардың барынша табысты компанияларға жұтылып кететіндігін мысалға келтірді. Елбасы атап өткендей, Кеңес одағы барлық соғыстарда жеңіске жеткенімен, жаһандық экономика жарысында оның экономикалық ресурстары жетіспеді және соның салдарынан КСРО-ның саяси жағдайы жеңіліске ұшырады.