• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
28 Қараша, 2016

Ертең Үкімет отырысында жұмыспен қамту мәселесі қаралады

120 рет
көрсетілді

Ертең, 29 қарашада, сағат 10:00-де, Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық тәртіпте Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді. Онда АӨК, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламаларының жобалары қаралады.

Сонымен қатар күн тәртібінде – 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламаларының жобаларын талқылау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көруге болады. Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтың, ҚР ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаевтың, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.