• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
28 Қараша, 2016

Куба елшісі қазақстандықтарға алғыс айтты

282 рет
көрсетілді

Қазақстандағы Куба елшілігінде Фидель Кастроның қайтыс болуына байланысты көңіл айту кітабын ашты, деп хабарлады Today.kz. Куба Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Карлос Энрике Вальдес Консепсион қазақстандықтарға өзінің алғыс сөздерін білдірді. «Біздің бас қолбасшымыз Фидель Кастроға деген жылы көңілдері үшін Қазақстан халқына өзімнің алғысымды білдіргім келеді. Қолбасшымыз қайтыс болғаннан кейін бізге жүздеген хаттар келіп түсті. Оның алғашқысы, Нұрсұлтан Назарбаевтан келген көңіл айту жеделхаты. Ал көңіл айту кітабы 28 қарашадан 4 желтоқсанға дейін ашық болады. 4 желтоқсан – Фидель Кастроны жерлеу күні», – деді елші. Академик, жазушы, «Қазақстан-Куба» достық қоғамының бірінші вице-президенті, Бақыт Рүстемов елшілікке арнайы келіп, Куба халқына көңіл айтты. Ол Бостандық аралы туралы төрт кітап жазған. Жазушының айтуынша, кітап жарыққа шыққаннан кейін, латынамерикалықтар оны қазақтың Христофор Колумбы деген. «Куба басшысы Рауль Кастроға, Қазақстандағы Куба елшілігіне, Куба халқына, бүкіл прогрессивті адамзатқа және оның отбасына көңіл айтамын. Ол сирек кездесетін басшылардың бірі. Фидельді империалистер 637 рет өлтірмекші болып, дайындық жасаған. Кішкентай ғана Бостандық аралы Куба халқын қанауға және тонауға тырысқандарға қарсы тұрып, өзінің мүддесін, тәуелсіздігін қорғауда әлемге ерен үлгінің белгісін көрсетіп жатыр», – деді Бақыт Рүстемов.