• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2016

Қызу қолдаймыз, қуана құттықтаймыз!

233 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_78749" align="alignleft" width="560"] logo LIGA 2[/caption] «Шығармашыл бастамашы әйелдердің лигасы» еліміздің барлық азаматтарын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тарихи Декларацияның қабылдануымен құттықтайды. Тәуелсіздік жылдарындағы халқымыздың ұлы табыстары Елбасы, Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Мемлекет басшысының дана саясатының арқасында бүгінде Қазақстан бүкіл әлемге бейбітсүйгіш және өсіп-өркендеген ел ретінде белгілі. Өзінің қол жеткізген табыстарын бағамдай келе, біздің әрқайсымыздың «Иә, біз сенімен мақтанамыз, Қазақстан!» – дей алатыны ақиқат. Еліміздің барлық азаматтарын жұдырықтай жұмылып, өсіп-өркендеген Қазақстанды әрі қарай да бірлесіп құруға шақырамыз! «Шығармашыл бастамашы әйелдердің лигасы» ҚБ   Қазақстан жастарының конгресі, ел жастарын біріктіретін жетекші құрылым бола отырып, барлық қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Декларация қабылдануымен құттықтайды. Тәуелсіздік жылдарында еліміз бүкіл әлем таныған табысты мемлекетке айналды. Қазақстанның барлық табысын еліміздің әрбір азаматы Елбасының атымен байланыс­тырады. Мемлекет басшысы тарапынан жас ұрпаққа өзін жақсы жағынан көрсету және ел болашағына өзінің үлесін қосу үшін барлық жағдайлар жасалып отыр. Біз, Қазақстан жастары еліміздің алдында тұрған кеуделі міндеттерді толықтай қолдаймыз және тәуелсіз Қазақстанның болашағы жолында еңбек етуге әрқашан дайынбыз! «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ   Біз, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, Қазақстан халқын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тарихи Декларация қабылдануымен құттықтаймыз. Соғыс өртін көріп, соғыстан кейінгі қиын кезеңдерді бастан өткерген біздің аға буын бейбіт аспанның, тоқшылықтың, лайықты өмірдің құнын басқаларға қарағанда жақсырақ біледі. Елбасының дана саясатының арқасында еліміз табысты дамып келеді, жастарымыз оқып білім алу, мамандық таңдау, отбасын құру үшін барлық мүмкіндіктерге ие. Тәуелсіз Қазақстан қалыптастыруға бүкілхалықтық үлесті біздің келер ұрпағымыздың жоғары бағалайтынына сенімдіміз. «Қазақстан ардагерлер кеңесі» РҚБ