• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2016

Ауыл тұрғындарына арналған несие 16 млн теңгеге көбейеді

151 рет
көрсетілді

Ауыл халқы үшін несие көлемін 16 миллион теңгеге дейін көбейту қарастырылған. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кезекті отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Министрдің айтуынша, несие 7 жылға дейінгі мерзімге, жылдық салым көлемі 6% деңгейде сақтала отырып берілуге тиіс. Несиенің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған тағы бір шара – 1,5 миллион теңге сомасына дейін кепілсіз несие беру. Жұмыспен нәтижелі қамтуды және елімізде жаппай кәсіпкерлікті дамыту  бағдарламасының жобасына орай, екінші бағыт бойынша ауылдық және қалалық жерлерде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін халықты ынтыландыруға жағдай жасалады. Ауылдық жерлер үшін басты міндет – өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар үшін несиенің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Бұл олардың өз ісін ашуына немесе кеңейтуіне, кооперативтер құруға, не болмаса кәсіпкерлікке қажетті инфрақұрылымды жақсартуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, ауылдық жерлер мен шағын қалалардағы шағын несиелендіруді ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы, соның ішінде шағын несиелеу ұйымдарын тарту арқылы жүзеге асыру жоспарланған. Ал қалаларда ол екінші деңгейлі банктер мен шағын несиелеу ұйымдары арқылы бірдей талаптар бойынша жүргізіледі. Арнұр АСҚАРОВ «Егемен Қазақстан