• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2016

АӨК дамыту бағдарламасы жаңа жылдан іске асуы тиіс – Сағынтаев

112 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жыл соңына дейін АӨК дамыту бағдарламасы бойынша әзірлік жұмыстарын аяқтауды тапсырды. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында министрлер кабинетіне 2017-2021 жылдарға арналған жаңа АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша әзірлік жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Премьер-Министр бағдарлама жобасы түрлі алаңдарда, соның ішінде аймақтарда, Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқасы аясында және ҚР Парламенті Мәжілісінде талқыланғанын атап өтті. Сонымен қатар, Үкіметтің жыл соңына дейін оны мүдделі тараптармен тағы да талқылап, бекітуге уақыты бар. «Айтылған ескертулер мен ұсыныстарды назарға ала отырып, бағдарлама жобасын мақұлдауды және жыл соңына дейін мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен, бизнес қауымдастықтармен келісілген соң бекітуге шығаруды ұсынамын. Келесі жылы біз жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істеуді бастауымыз керек»,– деді Б.Сағынтаев. Арнұр Асқар, «Егемен Қазақстан»