• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2016

Ағылшын футболшылары Қазақстанды құттықтады (видео)

167 рет
көрсетілді

Қазақстанның Сингапурдегі елшілігі Англия құрамасының бұрынғы жұлдыздары Тедди Шерингем, Эмил Хески және Дэвид Джеймс қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құтықтаған видеосын ұсынды. Роликте атақты спортшылармен қатар Сингапурдың қарапайым азаматтары да құттықтау айтады. Белгілі футболшылардың құттықтауын роликтің соңына таман көруге болады. Тедди Шерингем - ағылшын футболшысы және жаттықтырушысы. "Тоттенхэме", "Вест Хэм Юнайтед" және "Манчестер Юнайтед" командаларында шабуылшы болған. 1993 жылдан 2002 жылға дейін Англия құрамасында ойнаған. Дэвид Джеймс - Англия құрамасының бұрынғы қақпашысы. "Вест Хэм" мен "Манчестер Сити" үшін өнер көрсеткен. 2001 жылы футболдан кетті. Ал Эмил Хески Англия құрамасының 38 жастағы бұрынғы шабуылшысы, "Ливерпуль" сапындағы ойындарымен көзге түскен.