• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

Ғасырға пара-пар ғұмырбаян

374 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві белгілі мемлекет қайраткері, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Социалистік Еңбек  Ері, 2017 жылы 100 жылдығы атап өтілетін Байкен Әшімовке арналған дөңгелек үстел өткізді. Ауылдан шыққан бала тә­лімді істердің бастауында жүрді. Байкен Әшімов респуб­ли­каның жауапты басқарушы лауазымдарын атқарған кезде халыққа қызмет етудің биік үлгісін көрсете білді. 1970–1984 жылдары Қазақ КСР Минис­трлер Кеңесінің Төрағасы болды. Оның жемісті жұмысы кеңестік кезеңнің және тәуел­сіз Қазақстанның жоғары мем­лекеттік марапаттарымен аталып өтті. Дөңгелек үстелде Байкен Әші­мов туралы «Реквием» атты естелік кітаптың тұсаукесері өтті, кітапты жазған онымен бірге қызмет еткен Николай Ко­­­линко – белгілі жазушы, Қазақ­станның құрметті журна­лисі. Кітап Б.Әшімовпен бірге қызмет атқарған Қазақ КСР жоғары партия басшыларының, достары мен туыстарының есте­ліктерінен, мақалалардан құрастырылған. Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне Байкен Әшімовтің құжаттарын тапсыру туралы келісімшартқа қол қою қоры­тындылады. Іс-шараға Қазақстанның белгілі қоғам қайраткерлері, жо­­ғары оқу орындарының сту­денттері қатысты. Сапарбай ПАРМАНҚҰЛОВ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ