• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

Кекілбаевтың "Шыңырау" повесі бойынша фильм түсіріледі

1023 рет
көрсетілді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ Әбіш Кекілбаевтың "Шыңырау" повесінің желісімен толықметражды көркем фильм түсіреді, деп хабарлады киностудияның баспасөз қызметі. Қазір сценарий авторы және фильм режиссері Жаңабек Жетіруов кастинг өткізіп, түсірілім тобын жинап жатыр. Ол бұрын "Аққыз" секілді көптеген көркем фильмдер мен Әбіш Кекілбаевтың өміріне арналған "Самғау " атты құжатты фильм авторы.   Фильм Маңғыстау облысында, Ақтау қаласында Каспий жағалауында түсіріледі. Режиссер повесть сюжетін толығымен сақтап қалған. "Әдеби туындыны экранға шығаруға қажетті деген аздаған ғана сарындар қостым. Прозада сезім мен табиғатты сипаттап, суреттеп беруге болады. Ал кинематографияда оны іс-әрекеттер мен оқиғалар арқылы жеткізу керек", дейді режиссер.