• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2011

Гравюралар Қытай мәдениетінен сыр шертеді

337 рет
көрсетілді

Президенттік мәдениет орта­лы­ғы­­­ның көрме залында дәстүрлі Қытай грав­ю­расы көрмесінің ашылуы өтті. Оған Мә­дениет вице-министрі Асқар Бөрібаев, Президенттік мәдениет орта­лығының ди­­ректоры, профессор Мыр­затай Жолдасбеков, Қытай Халық Республи­ка­сының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Чжоу Ли, сондай-ақ көрмені та­маша­лау­ға келген жалпы жұртшылық қатысты. Президенттік мәдениет орталы­ғы­­ның ұйытқы болуымен ұйымдас­ты­рыл­ған бұл көрмеге қытай халқының бай­лығы мен дәстүрлік тереңдігін көрсе­те­тін няньхуа гравюраларының жүзге жуық түрі қойылған. Олардың ішінде – «Перзенттік парыздың орындалуы», «Ұл­­­ ­баланың 24 ісі», «Он кемшілік», «Жау­ыздың картасы» сынды дү­ниелер бар. Мазмұнына қа­­рай гравюралар (ня­н­ь­хуа­лар) тақы­рып­тық топтарға бөлі­не­ді. Бір тобын әдеби шығар­­малардың, аң­ыз-миф сюжет­тері­нің карти­налары мен театраль­­дық няньхуалар құ­ра­са, енді бірін діни және сим­волдық ізгі-тілектер жазыл­ған сю­жеттер толық­ты­ра­ды. Сон­дай-ақ, тұр­мыстық маз­мұн­да­ғы өсиеттерге құ­рыл­ған няньхуалар мен пейзаждық жә­не сәндік картиналар тақырыпты аша түскендей. Қытайда жаңа жыл орта ғасыр­лардан бастап кеңінен аталып жүрген ең сүйікті мереке болып саналады. Мереке қарсаңында үйлер түрлі тақырыптағы картиналармен безендіріледі екен. Алай­да олардың бастапқы мағынасы ізгі тілек тілеу-тін. Сондықтан да гравю­ра­ның бұл ерекше жанры «жаңа жылдық картиналар» деген атауға ие болыпты. Бір айта кететін жайт, гравюра жа­сайтындар өз шеберліктерін атадан ба­ла­ға, бір буыннан екіншісіне бере оты­рып, үнемі жетілдіріп отырған. Қытай гравюраларымен жақынырақ танысамын деген әлеумет көрмені 25 қыркүйекке дейін келіп тамашалай алады. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, Суреттерді түсірген Ағыбай АЯПБЕРГЕНОВ.