• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Бүркітші қыз жайлы фильм «Оскар» сыйлығына үміткерлер тізіміне енді

260 рет
көрсетілді

Моңғолияда құсбегілікпен айналысатын 13 жастағы қазақ қызы Айшолпан Нұрғайып жайлы деректі фильм «Оскар» киносыйлығына үміткерлер тізіміне енді, – деп хабарлады Tengrinews.kz. Айшолпан бірнеше жыл бұрын бүркітшілер арасында ұйымдастырылған үлкен жарысқа қатысқаннан кейін танымал бола бастады. Осыдан кейін шетелдің түрлі ақпарат құралдары, соның ішінде BBC, CNN телеарналары қазақ қызына қызығушылық танытқан еді. Қазақ қызы фильмнің режиссерімен қалай танысқанын айтып берді. Оның айтуынша, бүркітші қыздың суретін режиссер Отто Беллге фотограф Ашер Свиденский көрсеткен. «Қазір жасым 15-ке келді, ал қыраным «Ақ қанаттарының» жасы – 3-те. Енді сіңліме де аңшылықтың қыр-сырын үйретуді жоспарлап отырмын. Өзінді үлкен экраннан көрген өте қызық екен. Осыдан кейін барып ер адамдардың маған деген көзқарасы өзгере бастады. Бүгінге дейін «бүркітшілікпен айналысу – әйел затының ісі емес» деп айтып келетін», – деді Айшолпан. Айта кетейік, «Оскар» киносыйлығының 5 номинанты 2017 жылдың 24 қарашасына дейін белгілі болады.