2017 жылы пилоттық жоба нәтижелеріне талдау жүргізу қажеттігіне байланысты Келісімнің қолданылу мерзімін 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылатын болды. Сондай-ақ сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 және 6-дәліздерін қосатын «Ақтөбе – Мақат» автомобиль жолын реконструкциялау жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» заң жобасын да талқылады. 2016 жылғы 7 желтоқсанда Астанада қол қойылған Келісім «Ақтөбе – Мақат» автомобиль жолын реконструкциялауды қаржыландыруға 240 300 мың АҚШ доллары мөлшерінде қарыз беруді көздейді. Республикалық бюджеттен қарызды бірлесіп қаржыландыру – 32 765 мың АҚШ долларын құрайды. Қарыз 5 жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 18 жыл мерзімге беріледі. Қарызға қызмет көрсетуді және өтеуді республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асыратын болады. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
Парламент
•
24 Мамыр, 2017
Сенат комитетінде халықаралық келісімдер қаралды
186 рет
көрсетілді
Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015-2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.