Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев еліміздің экономикалық өсімін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде жұмыстық кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz
Ұлттық экономика, инвестициялар және даму, ауыл шаруашылығы, мәдениет және спорт министрліктерінің басшылары және облыстардың әкімдері экономиканың негізгі салалары және жекелеген өңірлер тұрғысынан жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады. Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.