Вице-Премьер отандық ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері бойынша отырыс өткізді. Оған жергілікті зауыттардың директорлары мен ауыл шаруашылығы техникаларын өндіруші компаниялар өкілдері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты. АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы міндетінің бірі – ауыл шаруашылығы саласын заманауи техника және құрал-жабдықтармен қамтуды арттыру, сондай-ақ, ел аумағында ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту болып табылады. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін ағымдағы уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, оның құрамына мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор мен ауыл шаруашылығы техникасын жасаушы кәсіпорындар өкілдері кірді. Жұмыс тобы отырыстарының қорытындысы мен машина-трактор паркінің жаңғыруы көлемінің өсімін тежеуші жағдайларды талдау барысы және төмен деңгейлі өндіріс зерттеліміне сәйкес АШМ тарапынан Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамытудың жол картасы әзірленді. Жол картасында көрсетілген іс-шаралар қолда бар қуаттылықтарды еселеп, өндірістің жаңа түрлерін арттыруға, шығарылып жатқан өнімнің сұрыптамасын ұлғайтуға және мұның нәтижесінде фермерлерді әлемдік баламаларынан бір де кем емес сапалы әрі арзан отандық техникамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Айта кетейік, биылдан бастап отандық өндіріске бағытталған техника мен құрал-жабдықтарды субсидиялаудың әдістемесі өзгерді. Айталық, бұған дейін шетелдік астық жинаушы бір комбайнға 30 млн теңге берілсе, биылдан бастап бұл қаражатқа 3 астық жинаушы комбайн субсидияланады. Мұның өзінде, шетел техникасы да әдеттегідей субсидиялана береді. Алайда, олардың бағасының тым қымбат болуына байланысты қаржыландырылуы 5-7% деңгейінде болмақ. Ал отандық техника үшін 25% көмек берілмек. Отандық өндірушіге қайта бейімдеу арқылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ техниканы лизингке беру әдістемесі қайта қаралды. Өз кезегінде, аталған шаралар тізбегі қазірдің өзінде алынатын техника көлемін 50-70%-ға арттыруға мүмкіндік беруде. Яғни, бұл жаңарту қарқынын 1,5-2 есеге арттырмақ» - деп атап өтті Вице-Премьер. Отырыс барысында Жол картасының орындалуы жайында сөз қозғалып, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, оның ішінде, Солтүстік Қазақстан облысының өндірістік қуаттылықтарын пайдалану перспективалары талқыланды. Сондай-ақ, түрлі өңірлердегі кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы техникасы мен құрылғыларын және олардың бөлшектерін жасау бойынша кооперациялану мүмкіншіліктері қаралды. Сондай-ақ, облыс әкімдігінде 3 облыс өкілдерінің қатысуымен көктемгі дала жұмыстарын жүргізу мәселелеріне арналған отырыс болып өтті. Биыл АӨК-ті дамыту бағдарламасы аясында егіс алқаптарын әртараптандырудың қарқынды жұмыстары басталады. Бұл үшін министрліктер мен әкімдіктер арасында меморандумдарға қол қойылған. Олардың аясында майлы және жемдік, жармалық және мал азығы дақылдары, қант қызылшасы егістіктерін 900 мың гектарға дейін ұлғайту қарастырылған. Кездесу барысында А. Мырзахметов әр гектардың тиімділігін арттыру үшін экспорттық әлеуетке ие жоғары түсімді дақылдар өсіру керектігін атап өтті. Жалпы алғанда, көктемгі егін егуге дайындық барысымен таныса келе, министр тұңғыш рет ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін ақырғы құнның 6%-ға төмендегеніне баса назар аударды. Бұл көрсеткіш былтыр 9%-ды құраған болатын. Өз кезегінде, бұл жағдай несие беру құрылымдары сатыларының қысқаруы арқылы мүмкін болып отыр. Сондай-ақ, несиелер бойынша талап етілетін құжаттар саны азайды. Биыл бірегей және асыл тұқымдарды субсидиялау қайта қалпына келтірілді. Тұқым шаруашылығына бөлінетін бюджет көлемі өткен жылдың көлемінен 3 есе артық екендігін атап өткен жөн. Минималды нормалар тоқтатылды. Бұл фермерлерді субсидия алуға ынталандырады. Ал бұрынғы схема бойынша тұқымның аз ғана көлемі субсидияланатын. Тыңайтқыштарды субсиядиялау тетіктері өзгерді. Бұған дейін субсидия нормасы пайыздық негізде түзілсе, ал биылдан бастап нақты сандармен көрсетіледі. Бұл да фермерлерге тыңайтқышты сапасы мен бағасына қарай қай елде жасалғандығына қарамастан, еркін таңдау жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, тыңайтқыш сұрыптамасы ұлғаяды. Биыл тыңайтқыштарды субсидиялау түрлері 156-ны құрап отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 85 болған. Қазірдің өзінде 200 мың тонна тыңайтқыш алынып үлгерді. Қазіргі таңда солтүстік аймақтың астық себуші облыстарында (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан) ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары барынша қарқынды жүргізіліп жатыр. Биылғы 23 мамырдағы жағдай бойынша аталған облыстарда жаздық масақты дақылдар 5 млн га аумаққа егілген. Бұл көзделген көлемнің 44%-ын құрайды. Майлы дақылдар – 771 мың га (60,4%), көкөніс – 8,9 мың га (73,3%), картоп – 48,8 мың га (88,1%) егілген. Солтүстік Қазақстан облысында қант қызылшасы 400 га аумақта егілген. Бұл көзделген аумақтың 35%-ы. Егіс жұмыстарының қарқыны өте жақсы. Астық дақылдарының егіліп үлгерген аумағы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 124 мың га артық немесе 2,6%, майлы дақылдар 222 мың га (40,5%), картоп – 1 мың га (2%), көкөніс – 0,5 мың га (6%). Сонымен қатар, Вице-Премьер проблемалы агрохолдингтер тақырыбын да айналып өтпеді. Қазіргі таңда Елбасы тапсырмасына сәйкес арнайы жұмыс тобы құрылып, оның құрамына АШМ өкілдері, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, «ҚазАгро» ҰБҚ» АҚ және екінші деңгейлі банк өкілдері кірді. Әрбір проблемалы агрохолдинг бойынша Несиегерлер кеңесі құрылды, олар сол холдингке қарасты әрбір кәсіпорын бойынша алқалы түрде шаралар тізбесін қабылдайды. Айта кетейік, сапар аясында министр Солтүстік Қазақстан облысының шаруашылық субъектілерін де аралады.
Үкімет
•
24 Мамыр, 2017
Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстанға барды
123 рет
көрсетілді
Премьер-Министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов кезекті жұмыс сапарымен еліміздің басты астық өндіруші өңірлерінің бірі – Солтүстік Қазақстан облысына барды. Жұмыс сапары аясында ол егіс науқаны барысымен танысып, ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды primeminister.kz