«Ата-ана бақылауы» қызметі балалардың көруіне болмайтын сайттарды бұғаттауға және балалардың қандай ресурстарға кіргені туралы есеп алуға, сонымен қатар күмәнді жандармен қаым-қатынасын қадағалауға мүмкіндік береді.
Бұл қызмет бір жағынан белгілі бір күндер мен уақытты шектеу арқылы, оқу мен ойынға уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Әрі интернетке қосылған балалар құрылғылары арқылы баланың жүрген жерін анықтауға жәрдемдеседі, сондай-ақ бала белгіленген аумақтан шығып кететін болса, сигнал береді.
Beeline Қазақстанның Бас Коммерциялық директоры Олександр Комаров айтуынша, компания бір ай бұрын «Қауіпсіз интернет» республикалық еріктілер жобасын іске қосып, қызметкерлері барлық қалаларда оқушыларға желіде өзін қалай қорғау керек екені туралы ақпарат берген.
«Бұл шешім – біздің балаларды қорғау жөніндегі кешенді бағдарламаның технологиялық бөлшегі. Балаларға, жасөспірімдерге, педагогтар мен әлеуметтік жұмыскерлерге арналған қосымша білім – жобаның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, оны қазір кез келген білім мекемесі үшін ыңғайлы мультимедиялық форматта алуға болады», дейді Орта Азия мен Моңғолиядағы Касперский Зертханасының басқарушы директоры Евгений Питолин.
Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»