• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Мамыр, 2017

Бүгін кей жерлерде жел күшейіп, жауын жауады

205 рет
көрсетілді

25 мамырда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жаууы ықтимал, тек республиканың батыс, солтүстік-батыс және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Қазгидромет. Солтүстік  Қазақстан облысында  жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с болады.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, обылыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшейеді.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының түнде кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.