• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Мамыр, 2017

Көркемөнерпаздар фестивальінің бас жүлдесін рудныйлықтар алды

274 рет
көрсетілді

Қостанайда ХХХІ облыстық «Қуатты Қазақстан—шуақты Қазақстан!» атты көркемөнерпаздар халық шығармашылық фестивалі қорытындыланды. Облыс орталығында өткен фестивальдің гала концертіне халық көп жиналды. Концертті тамашалуға келген облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәдениет саласының жыл сайын дамып отырғанын айта келіп, жетістіктерге тоқталды.

«Елбасының әлеуметтік бағыттағы саясатының арқасында мәдениет саласына үлкен қолдау көрсетіледі, шығармашылық адамдарына қолайлы жағдай жасалып отыр. Өткен жылы мәдениет саласындағы ғимараттардың жөнделуіне бюджеттен 800 млн теңге жұмсалды. Міне, бүгін көркемөнерпаздардың облыстық фестивалінде оның нәтижесін көріп отырмыз. Облыста бүгінде 700-ден аса мәдениет нысаны жұмыс істейді, олардың әрқайсысында халықтың рухани қажетін өтейтін қызықты жобалар жүзеге асып жатады. Халық таланттарын іздеп табуда. Бүгінгі көркемөнерпаздар халық шығармашылығы фестивалінің маңызы үлкен. Осы шара аясында өсіп шыққан таланттар біздің облыстың даңқын асырып жүр», – деді аймақ басшысы.  Гала концерттің алдында облыстық фестиваль жүлдегерлері марапатталды. Үщінші орынды Жітіқара мен Әулиекөл аудандарының көркемөнерпаздары иеленіп, 1 млн теңгенің сертификатына ие болды. Екінші орынды Федоров ауданының өнер ұжымдары алып, 1 млн 300 мың теңге алса, бірінші орын Амангелді ауданына лайық деп табылды. Оларға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов 1 млн 700 мыңның сертификатын тапсырды. Ал фестивальдің бас жүлдесі Рудный қаласының көркемөнерпаздарына берілді, оларға 2 млн теңге сыйға тартылды.  Сонымен қатар, осы шарада мәдениет саласына еңбегі сіңген қызметкерлер, өнер адамдары «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, облыс әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.  Нәзира Жәрімбетова,  «Егемен Қазақстан»  ҚОСТАНАЙ