• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Мамыр, 2017

Мәслихат депутаттары көше атауларын өзгерту туралы ұсынысты қолдады

170 рет
көрсетілді

Ақтөбе облыстық мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысында жиырма үш көшенің атауын өзгерту туралы ұсыныс айтылды.

Сондай-ақ отырыста тұрақты комиссия мүшелері бүгінгі егемендік талаптарына сәйкес келмейтін тоғыз көшенің атауын да қайтадан қарастыру жөнінде өз ой-пікірлерін білдірді. Бүгінгі таңда облыс орталығындағы жаңа 14 көшеге атау берілмеген. Бұл көшелерге тиісті атаулар беру жөнінде де мәселе қозғалды.  «Атауларын өзгерту ұсынылып отырған көшелер республикалық ономастикалық комиссия тарапынан қолдау тапты. Алдағы уақытта бұл ұсыныстар облыстық мәслихат сессияларының бірінде бекітілуге тиіс», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева.  Темір Құсайын,  «Егемен Қазақстан».  АҚТӨБЕ