Бүгін Өскеменде волейболдан қыздар командалары арасындағы клубтық Азия чемпионаты басталды.
Жарыстың ең алғашқы кездесуі Жапонияның «Хисамицу Сеяку Спрингс» командасы мен Филиппиннің «Филиппин Супер Лига» командасы арасында өтіп, күншығыс елінің қыздары үш сетте де айқын басымдықпен жеңіске жетті. Сайыстың екінші кездесуі А тобында Тайландтың «Супреме» және Иранның «Сармайе Банк» командалары арасында өтеді. Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан». ӨСКЕМЕН