«2008 жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес «Есілдегі кеме арнасын дамыту» (судоходный Есиль) жобасы әзірленді. Бүгінде аталған жоба үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Соның бірі – Есілдегі кемежай, яғни өзен вокзалын ашу. Қазіргі күні кемежай құрылысының нақты орны белгіленді, ол Ш.Бейсекова көшесінің төменгі жағында болмақ», – деді Астана әкімдігінің медиа орталығының тілшісіне берген сұхбатында «Астана Есіл» МКК директоры Қанат Алин.
Оның айтуынша, өзен вокзалы порттық тиегіш, блоктар мен қажетті шеберханалармен жабдықталады.
«Сондай-ақ 2015 жылы шілдеде Есіл өзені Қазақстанның кеме жүзетін өзендерінің реестіріне енгізілді. Сондықтан, біз бұл жаңалықпен мақтана аламыз. Жобаның тағы бір мақсаты – Есіл өзенінде қатынайтын өзен таксиін қолданысқа енгізу. Сыйымдылығы 8 адамдық шағын кемелер жолаушыларды Есіл өзінінің акваторийі шеңберінде қалаған жеріне жеткізетін болады», – деді ол.