Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя Головкин-Альварес арасында 16 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жектің өткізілуі мүмкін негізгі екі жерді атады.
«Біз Даллас пен Лас-Вегастың бірін таңдаймыз. Осыған орай алдағы екі аптаға кездесу жоспарланып отыр. Жақын арада бұл мәселеге қатысты нақты шешімді жариялаймын. Барлығы жанкүйерлердің жекпе-жекті қайдан көргісі келетініне байланысты. Көптеген интернет-алаңдарында осы сұрақ төңірегінде сауалнама жүргізіліп, дауыс берілді. Кейбірі – Далласта, екіншілері – Лас-Вегаста тамашалағысы келеді. Десек те, жекпе-жек үшін жақсы орын таңдаймыз» деп хабарлайды Де Ла Хойя.
Промоутер біраз бұрын бұл бәсекені өткізуге құқылы орындар арасында көш бастайтын Лос-Анджелес қаласындағы Dodgers Stadium деген еді.
Айсәуле Съезбек