• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс 25 Мамыр, 2017

Джо Галлахер: Альварестің талантын көпшілігі жоғары бағаламайды

134 рет
көрсетілді

16 қыркүйекте орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегі жайлы британдық бапкер Джо Галлахер ой бөлісті.

«Бұл расымен де өте қызықты кездесу болмақ. Олар бір кездері спарринг өткізген. Бұл жолы шешуші сәт сол спаррингтегідей аяқталуы мүмкін. Көпшіліктің айтуынша, ол кездесуді есепке алмаған жөн. Себебі, ол кезде «Канело» немесе Головкин өз деңгейінде жұдырықтаспаған әрі шын мықтыны анықтау мақсатында өтпеген болуы Бірақ ол жайтты сол жерде болғандар ғана біледі», дейді Галлахер Boxing News басылымына берген сұхбатында.

Осыған дейін Джо Галлахер дәл сол спаррингтің «Канелоға» сенімділік беретінін айтқан еді. Оның айтуынша, көпшілігі мексикалық боксшының талантын дұрыс бағаламайды. Айта кетерлігі, ол өткен жылдың қыркүйегінде британдық Лиам Смитті Альвареске қарсы жекпе-жекке дайындаған еді.

Еске сала кетсек, Альварес пен Головкин арасындағы спарринг 2011 жылы мамырда Калифорниядағы Big Bear жаттығу залында өткен еді. Big Bear жаттығу залы – қазақстандық боксшының өз жекпе-жектеріне дайындық жүргізетін екінші үйіне айналған. Ол кезде мексикалық 21  жаста еді.

Айсәуле СЪЕЗБЕК

Соңғы жаңалықтар