«Менің депутаттық сауалыма себепші болған «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде жарияланған «Айыппұл ауа бола ма?» атты мақала болып отыр. Газеттегі мақалада ауа ластануының көтеріңкі деңгейі Өскемен, Павлодар қалаларында және еліміздің мұнайлы өлкелерінде байқалатыны айтылады. Бұл шаһарларда негізінен өндірістік кәсіпорындар көздерінен атмосфералық ауаға ластағыш заттар нормадан тыс көп шығарылуда. Жыл сайын бұл аймақтарда ауа қабатына зиянды газдардың тонналаған бөлігі шығады. Мысалы, Батыс Қазақстанда орналасқан бір ғана «Теңізшевройл» компаниясы соңғы үш жылда 36 рет улы қалдық таратып, Теңіз кен орнында экологиялық рұқсатсыз 33 млн текше метрден астам газды ауаға жаққан. Сонымен қатар, Ақтөбеде, Теміртауда, басқа да өңірлерде орналасқан ірі, алпауыт кәсіпорындар ауаны ластауды тоқтатар емес. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2016 жылғы ақпаратына сүйенсек, орта есеппен қоршаған ортаға келтірілген залал бойынша 31 млрд 217 млн теңге айыппұл салынған. Дегенмен, мақалада ауаны ластап, тек қана айыппұл төлеумен шектеліп, ешқандай шара қолданбау әдетке айналып отырғаны алға тартылады. Халықаралық тәжірибеде атмосфераға залалды заттардың шығарылуын қысқарту үшін тиімділігі жоғары механизмдер қолданылады. Солардың басты түрлерінің бірі – салық жүйесі саясаты. Бұл тәсіл кәсіпорындар тарапынан төленетін салық мөлшерін қысқарту үшін атмосфераға залалды заттардың шығарылуын барынша азайтуға бағытталған. Мұндай шара – кәсіпорындарды жаңа тәсілдер іздестіруге ынталандырады деген сөз. Ал бізде керісінше, төленген айыппұлдар ешқандай нәтижеге жеткізбей, әдеттегідей, өндіріс орындары тек қана айыппұл төлеп, еш шара қолданбай, келесі айыппұлға дейін ауаны ластауды жалғастыра береді». Осыған байланысты депутат Бақытжан Әбдірұлынан тек айыппұлмен шектелмей, тиісті құзыретті органдарға ауаның ластануының алдын алатын, атмосфераға залалды заттардың шығарылу мөлшерiн азайтатын озық тәсілдерді ойластырып, жүзеге асыруды және қажет болса, басқа да іс-шараларды қарастыруды сұрайды.
Парламент
•
26 Мамыр, 2017
Ауаның ластануына қарсы тиімді шаралар керек
1565 рет
көрсетілді
Ауаның ластануынан адамзаттың шегіп жатқан зардабы аз емес. Біздің еліміз де бұл проблемадан ада болмай отыр. Осыған орай, жуырда өткен палатаның жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев осы мәселені көтеріп, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдады. Онда былай делінеді: