• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Мамыр, 2017

Ақтөбе мен Орынбор шегірткемен бірлесіп күресуде

80 рет
көрсетілді

Шекаралас Ақтөбе мен Орынбор облыстарының ауылшаруашылығы мамандары жаз кезіндегі егістің басты зиянкесі шегірткені бірлесіп жою тәжірибесін орнықтырған. Бұл үшін олар жыл сайын көктем айларында бас қосып, зиянкестермен күрес мәселелерін талқылауды дәстүрге айналдырып келеді.

Биыл да солай болды. Бұл басқосу Ақтөбеде өткізіліп, көршілерге егіс кеміргіштеріне қарсы қолданылатын жаңа құрал-жабдықтар таныстырылды. Оның ішінде әуе техникасы да бар. Өзін тәжірибеде ақтаған нәрсе жоғалмайды. Бұдан кейін де кәдеге аса береді. Сондықтан шекаралас өңірлер мен агроқұрылымдар жетекшілері олқы тұстарға көбірек назар аударды. Әрі осы бағыттағы ортақ жұмыстарды жетілдіре түсу қажеттігі жөнінде ұйғарымға келді. Ең бастысы бұған дейінгі бірлескен жобалар мен өзара тәжірибе алмасулар өз нәтижесін бере бастағаны сүйсіндіреді.  Орынбор үкіметі ауылшаруашылығы азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі министрінің орынбасары Михаил Масловтың айтуынша, бұдан бес жыл бұрын 120 мың гектар егістікті жайлап алған шегірткелердің ұясын жоюға тура келсе, өткен жылы оның көлемі 300 гектардан аспаған. Ол мұны ақтөбелік әріптестерімен орныққан ортақ істің нәтижесі деп есептейді.  Осындай оң мысалдар Ақтөбе аймағына да тән болып отыр. Бұл жөнінде «Егемен Қазақстан» тілшісіне облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағалиев айтып берді. Шегірткені және басқа да егістік зиянкестерін бірлесіп жою жөніндегі мәселелер Ақтөбе мен Орынбор облыстары арасындағы шекаралық ынтымақтастық жөніндегі келісімге сәйкес іске асып келеді.  Темір Құсайын,  «Егемен Қазақстан».  АҚТӨБЕ