Аталмыш колледж Ақтау қаласында 1976 жылы ашылған Гурьев медициналық училищесінің Шевченко филиалының базасында 1997 жылы жеке меншік мекемесі болып қайта құрылып, 2012 жылы «Мейірбике колледжі» ЖШС болып тіркелді. Мұнда сабақ қазақ және орыс тілдерінде жүргізіліп, 65 оқытушы жұмыс істейді. Үшеуі медицина ғылымдарының кандидаты, соның ішінде 40 мұғалім денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар қызмет еткен әрі ұстаздық тәжірибелері де бар. 2011-2014 жылдар аралығында «Мейірбике» колледжі өңірдің денсаулық сақтау мекемелері үшін 1020 маман дайындап шығарды. Өз оқу ғимаратын салу арқылы колледж студенттер санын кеңейтуге мүмкіндік алды. Ғимарат сабақ өтетін сыныптар, зертханалар, мәжіліс залы, әкімшілік кеңселермен жабдықталған. Жоба бойынша 5 блоктан тұратын (10 954.9 ш.м. ауданды құрайды) 3-4 қабатты білім беру мекемесін салу үшін компания 100 млн теңгені «Forte Bank» АҚ арқылы жылына 14%-бен, 42 ай мерзімге, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында алды. «14 пайыздың 7 пайызын клиент төлейді, ал қалған 7 пайызы мемлекет есебінен қайтарымсыз негізде субсидияланып өтеледі. Сондай-ақ, кепілзат көлемі жеткіліксіз болғандықтан, «Даму» қорының кепілдендіру құралын 100 пайызға пайдалана алды. Қаржыландырудың негізгі мақсаты – №5 блок бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау еді. Осы құрылыс аяқталғаннан кейін кәсіпкер жатақхана мен мұғалімдерге арналған тұрғын үй салуға кіріскісі келеді», – деді «Даму» Қоры» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының менеджері Абай Момбеков. Оның айтуынша, бұл жобаны қолдау 2016-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы барысындағы нақты қадам болып саналады. Гүлайым Шынтемірқызы, «Егемен Қазақстан». АҚТАУ
Аймақтар
•
26 Мамыр, 2017
Ақтауда «Мейірбике» медициналық колледжінің жаңа ғимараты бой көтерді
1012 рет
көрсетілді
Ақтау қаласындағы 35 шағын ауданда орналасқан «Мейірбике» Медициналық колледжі мемлекеттік қолдаудың арқасында бой көтерді деуге болады. Бұл кешенде 250 студентке шақталған колледж бен медициналық орталық бірге орналасқан.