«Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру барысында біз Елбасы мақаласында терең де тұңғиық ойлар жатқандығын сезініп отырмыз. Айрықша атап өткім келетіні Қарағанды облысының жұртшылығы мен қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері және ел кәсіпкерлері мұндай бастаманы өте қатты қолдап, қуаттауда. Аймақтағы атқамінер азаматтар мен кәсіпкерлер «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру үшін жүз миллион теңгеден астам қаражат жинап, саламатты өмір салтын насихаттауға сеп болатын түрлі әлеуметтік нысандарды салуға қызу кірісіп кеткені сөзімді айғақтай түседі. Оның үстіне спорттық нысанды салып елді мекенге сыйға тартумен шектелмеу қажеттігін жалпы қоғам сезініп отыр. Жаппай қолға алынған мұндай игілікті шараның астарында ел мен жерге, Отанға деген шексіз құрмет пен байтақ Қазақстанға деген шексіз патриоттық сезім жатқаны сөзсіз. Демек, мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылып жатқан бұл жоба жастардың бойында отансүйгіштік қасиет қалыптастыратыны ақиқат, – деді аймақ басшысы. – Әрине, Елбасы мақаласында арнайы аты аталған Ұлытау өңіріне қатысты жобаларды дамыту, жетілдіру жұмыстары қызу қолға алынатындығын да айрықша атап өткім келеді. Өйткені, Ұлытау өңірінде осы күндердің өзінде ауқымды жұмыстар басталып та кетті».
Қазақстан
•
26 Мамыр, 2017
Ұлытауды ұлықтау жұмыстары басталды – Ерлан Қошанов
206 рет
көрсетілді
Мемлекет басшысының мақаласына қатысты жер-жерлерде ауқымды жұмыстар басталып кетті. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.