Кей жерлерде жауын-шашын найзағаймен күтіледі, солтүстік-батыстың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте жел шаңды дауылмен болады, солтүстік, слтүстік-батыста тұман бақыланады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман бақыланады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с болады.
Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, таңертең және күндіз Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында желдің 15-20 м/с күшеюі болжануда.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ беткейінде 2 градус үсік болады.
Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.