ТурСтат агенттігі ТМД мен Грузияның осы жылғы ең танымал сауықтыру курорттарының рейтингін жариялады. Үздік бестіктің қатарына еліміздегі Сарыағаш курорты кірді. Бұл туралы turstat.com хабарлады.
ТМД мен Грузияның сауықтыру курортының алғашқы бестігіне Әзербайжанның, Беларусьтің, Қазақстанның, Арменияның, Аджарияның бальнеологиялық курорттары кірді. Рейтинг қонақ үйлерді онлайн-брондау жүйесінің негізінде жасалды.
ТМД мен Грузияның ең үздік сауықтыру курорттарының бестігі:
Нафталан (Әзербайжан) Нарочь (Беларусь) Сарыағаш (Қазақстан) Джермук (Армения) Кобулети (Аджария)
Айта кетейік, тұру, тамақтану және сауықтыру процедураларын есептегенде, аталған орындарда демалудың орташа құны – бір адамға тәулігіне 42 доллар, яғни 13 100 теңге. Демалыс ұзақтығы орташа есеппен – 14 күн.