• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Медицина 29 Мамыр, 2017

Су тасқынына қарсы іс-шараларға белсене қатысқан полицейлер марапатталды

294 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстанда су тасқынына қарсы іс-шаралар кезінде көзге түсіп, ерекшеленген қызметкерлерге үлкен құрмет көрсетілді.

Екі жүзден астам жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік полицияның, тылдық қамтамасыз ету, байланыс жүйесінің  және штаб қызметкерлері –түрлі марапаттарға ие болды.

  «Қиын-қыстау кезеңнің алғашқы күнінен  біздің қызметкерлер құқықтық  тәртіпті қамтамасыз етіп,  өз жұмыстарына адалдықтарын танытты. Олардың ерен еңбегін  ерекше атап өткім келеді», деді ОІІД-нің бастығы,  полиция генерал-майоры Берік Білілов.

   Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлерінің  аға учаскелік полиция инспекторы,  полиция подполковнигі Вадим Калинин  аса күрделі жағдай қалыптасқан Былғары  зауытында күні-түні тұрғындармен бірге болып,  көптеген отбасыларға көмектескен. Ол өзге әріптестері секілді «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалімен марапатталды.

  «Бөгет маңында кезекшілікте жүрген уақытта ұзындығы 60 метр болатын қамыс аралас мұз ағып  келіп, бөгетті бұзға бастады. Тұрғын үйлерді су басып қалмас үшін тез арада шұғыл шаралар қабылдауға тура келді.  Нәтижесінде су кете бастаған жерлерді бітеп  үлгердік», - дейді  ол өткен күндерді еске түсіріп.

   Су тасқынына қарсы күреске полиция ардагерлері де өз үлестерін қосты. Ардагерлер кеңесі қайырымдылық мақсатында жарты миллион теңге қаржылай көмек аударды.

    Су тасқыны кезіндегі басты міндет қоғамдық қауіпсіздікті сақтап, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және су басқан жерлерде тонау фактілерін болдырмау болды. Сондай-ақ, тұрғындар мен олардың мал-мүлкін эвакуациялау  жұмыстары да қарқынды жүргізілді.

  Өңірде 380 үй мен  500  саяжайды су шайып кеткен болатын.

   Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».