• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Мамыр, 2017

«Лотерея туралы» заң қабылданды

389 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт мәселелері бойынша қоғамдық кеңес алдында есеп берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өз баяндамасында «Лотерея туралы» заң қабылданғанын атап өтті.

Министрдің айтуынша, осыған дейін бізде ондай заң болған емес. «Бұл өте керекті заң. Әлі күнге дейін бізде лотерея туралы заң болған емес. Бұл саланы өздеріңіз білесіздер, түсім өте көп. Мемлекетке қандай салықтар төленіп жатыр, пайдасын кімдер көруде деген сауалдарға біз жауап бере алмайтынбыз. Енді ол заңның арқасында жүйеге қойылды. Бәрі ашық болады», деген министр ойыннан түскен табыстың он бес пайызы спорт саласын дамытуға жұмсалатынын мәлімдеді.

Екіншіден, ойын индустриясы бойынша ең мықты деген компаниялардан өкілдер шақырылған. Министр лотерея саласы жақсы дамитын болса, букмекерлік мекемелерде жұмыс істейтін жастарды да осы салаға алып келуге мүдделі екендіктерін жеткізді. 

Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан»