• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Футбол 29 Мамыр, 2017

Жаңа заңда шетелден легионерлер әкелуге тыйым салынған

158 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт мәселелері бойынша қоғамдық кеңес алдында есеп беру кездесуінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Спорт туралы» заң қабылданғанын, бұл заңның ерекшелігі ретінде  бұқаралық  спортты дамытуға арналатынын жеткізді.

«БАҚ өкілдері бұқаралық спортты дамытуға қатысты көп сауал қояды. Жалпы, бұқаралық спорт дегеніміз не? Ол – жеке спорт түрі емес. Әр өңірде спорттың әр түрі жақсы дамыған.  Мысалы, Оңтүстік Қазақстанда, Жамбыл облысында ұлттық ойын түрлерінен жақсы нәтижелер бар. Бірақ оларға облыстық бюджеттен қаражат аз бөлінеді. Біз спорттың командалық түрлері жақсы дамыған деп айтып жатамыз. Сондай-ақ, бокс пен күресті мақтанып айтамыз. Бірақ, оларға да бюджет саласынан бөлінетін қаражат жеткіліксіз. Сол үшін біз ең бірінші кезекте қай өңірде спорттың қай түрі жақсы дамыған болса, соған көңіл бөлеміз», деді министр.

Ол сондай-ақ, футболға қатысты шетелден легионер әкелуге атқарушы биліктің қарсы екенін жеткізді. Және бұл мәселе жоғарыда аталған «Спорт туралы» заңда реттелген. «Біз бюджеттің ақшасына шетелден легионерлер әкелуге қарсымыз. Мысалы, «Қайрат» командасының басында Қайрат Боранбаев деген кәсіпкер азамат тұр. Ол өз қаржысына шетелден легионерлер әкеліп жүр. Сол секілді жеке кәсіпкерлер өз қаражатына әкеліп жатса, әңгіме бөлек. Ал бюджеттің ақшасы спорт түрлерін дамытуға жұмсалу керек»-деді ол.

Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан»