Қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлерi арасында бұқаралық спортты дамыта отырып, дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде айналысуға тарту, сондай-ақ туған ел тұлғаларын есте сақтау мақсатындағы шараға Тараз қаласы мен аудандар бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлімдердің және облыстық департаменттің құрама командаларынан 228 спортшы қатысты. Әрбір команда өз мүмкіндігінше бақ сынасып, өнер көрсетті. Жалпыкомандалық есеп бойынша, Т.Рысқұлов ауданы бірінші орынды жеңіп алды. Қаратау қаласы екінші орынды иеленсе, үшінші орынды Тараз қаласы еншіледі. Облыстың аудандарынан келген қорғаныс істері бөлімінің қызметкерлері батыр атындағы шараға атсалысты.
Хамит Есаман,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы