• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Мамыр, 2017

Ерлікке тағзым

509 рет
көрсетілді

Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті Қазақстан Ішкі істер министрлігінің 25 жылдық мерейтойына орай Бұқар жырау аудандық ішкі істер басқармасының ауласында қызмет барысында қаза болған қызметкерлердің құрметіне мемориалдық тақта орнатты.

Шараға Қарағанды об­лыс­тық Ішкі істер департаменті бас­ты­ғы­ның орынбасары, полиция полков­нигі Ардақ Ынтықбаев, Бұқар жырау ау­данының әкімі Нұр­кен Көб­жанов, сондай-ақ, қызмет ба­­бын­да қаза болған қыз­мет­­­кер­­лердің туған-туыс­тары, іш­кі істер органының ар­да­гер­лері және аудандық ішкі істер басқармасының жеке құрамы мен аудан тұр­ғын­дары қатысты. «Бүгін қоғамдық қауіп­сіздікті қадағалап, біз бей­біт заманда қаруланған қыл­мыс­керлердің қолынан қаза болған әріп­тес­терімізді еске алып, олардың ерлігін келешек ұрпаққа насихаттау мақ­сатында аудандық ішкі істер басқармасының ауласында әріптестерімізге деген құрмет ретінде мемориалдық тақта тасын ашуға жиналып отырмыз. Өкінішке қарай, жыл өткен сайын артына өшпес із қалдырып, ел тыныштығын сақтау жолында қаза болған қыз­мет­керлердің есімі кө­бейіп келеді. Сондықтан да ан­тына адал беріліп, ақтық де­мі қалғанша қызмет атқар­ған тәртіп сақшыларын біз еш­қашан ұмытпаймыз, кері­сін­ше осындай игілікті іс-ша­ра­лар жасап, олардың есі­мін қа­шанда ұлықтап отыра­мыз», деді мемориалдық тақ­та та­сын ашу салтанатын­да об­­лыстық ішкі істер де­пар­­таменті бастығының орын­басары Ардақ Ынтық­баев. Полиция полковнигі Ар­дақ Қабыкенұлының сөзінен ке­йін бір минут үнсіздік жария­ланып, аспанға үш мәрте оқ атылды. Осыдан кейін 2001 жыл­дың 8 мамырында бұзақы топ­тың заңға қайшы әрекетін тоқтату барысында қаза болған Бұқар жырау ау­дан­дық Ішкі істер басқар­масы Тельман полиция бөлімі, Қушоқы ауылының учас­келік полиция инспекторы болған Қайрат Хамутовтың жары Гүлнар Хамутова сөз сөй­леп, асыл ерін ұмытпай мемо­риалдық тақта тасын ашып, күллі аудан тұрғын­дарын ұлықтап жатқан департамент, аудан әкімдігі мен аудандық ішкі істер басқармасының бас­шылығына алғысын білдірді. Мемориалдық тақта та­сының ашылу салтанатынан кейін ау­дан­дық әкімдіктің мәжіліс залын­да аудан әкім­­дігі, Ішкі істер орга­ны қыз­меткерлерінің қаты­суымен «Жастарды патриот­тық тұр­ғыда тәрбиелеу» тақы­ры­бында дөңгелек үстел өтті. Бұқар жырау ауданындағы игілікті іс-шараның соңы аудан орталығындағы мә­де­ниет үйін­де облыстық Іш­кі істер депар­таментінің көр­­кем өнерпаздар ұйы­мы дайын­даған концерт­тік бағ­дар­ламамен аяқталды.

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы