• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Мамыр, 2017

Бетон зауыты ашылды

437 рет
көрсетілді

«Теңіз» кенішіндегі индустриялық аумақта сағатына 200 текше метр бетон шығаратын зауыт іске қосылды.

В15, В25, В35 маркалы бетон «Теңізшевройл» ЖШС-нің кеңейту жобасына қажет. Отандық  «Нефтестройсервис ЛТД» компаниясы қолға алған зауыттың өнімі химиялық тұрақтылығы мен беріктігі, төзімділігі жағынан жоғары бағаға ие. Мекеме инженері Михаил Чарлин бетон өндірудің барлық үдерісі автоматтандырылғанын айтады. Өнім дайындау әзірлемелері компьютер жадына енгізілген. Қазіргі заманғы технологияларды пайдалану арқылы арнайы қалдықтарды басқаруға да болады екен. Соның нәтижесінде қайта пайдалануға болатын техникалық су мен құм-қиыршық тас қосындысы алынады. Қазір бетон зауыты алғашқы тапсырыстарын қабылдай бастады. «Бұл зауыт «Теңіз» кен орнын кеңейту жұмыстары үшін салынды. Құрылыс жұмыстарына 500 адам қатысты. Зауытта 30 инженер қызмет істейді. Алдағы уақытта жұмысшылар саны көбейеді»,  дейді «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС-нің менеджері Әмина Ақдрашева. Компания зауыттан бөлек екі су резервуа­рын, бетон сапасы мен құрамын тексеретін зертхана және жұмысшыларға арналған асхана мен кеңсе ғимаратын салуды жоспарлап отыр. 

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ