• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Мамыр, 2017

Ұлттық құндылықтар дәріптелуі тиіс

602 рет
көрсетілді

Философия, саясаттану және дінтану институтында «Қо­ғамдық сананың жаңғыруы» тақырыбында Елбасы Н.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласын талқылау ая­сында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына ғы­лы­ми зерттеу институттарының ғалымдары, қоғамдық ұй­ым­дардың өкілдері, алдыңғы қатарлы университеттердің ма­гистранттары мен PҺD докторанттары қатысты.

Шара барысында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» ат­ты ма­­қаласының маңызды тар­мақ­­та­ры, атап айтқанда, XXI ға­­сыр­дағы ұлттық сана тура­лы жә­не таяу жылдардағы мін­дет­­тер, оның ішінде қазақ жаз- у­ын біртіндеп латын әліпбиіне кө­шіру жұмыстары, қоғамдық жә­не гуманитарлық ғылымдар жо­басы туралы өзекті мәселелер тал­қыланды. Келесі бір мәселе ді­ни саладағы жаңғырудың ру­ха­ни жаңғырумен астасуы тө­ңі­регінде өрбіді. Осыған байла­ныс­ты институттың дінтану бө­лі­мінің меңгерушісі Бақытжан Сатершинов «Қазақстандық са­наның жаңғыруы: діни сана қыр­лары» тақырыбында, Нұр Мүбарак Египет Ислам мә­дени­еті университетінің PҺD докто­ры Асқар Әкімханов «Руха­ни жаң­ғырудағы ханафи-ма­т­руди мектебінің маңызы» та­қы­ры­бында баяндама жасап, өз ой­­ларын ортаға салды. Жат ағ­ым­­­­дардың жетегінде кетпей, ба­­­баларымыздан мирас болып ке­ле жатқан дәстүрлі дінімізді те­реңінен түсініп, қоғамдағы бірлік пен біртұтастықты сақтаудың өзек­тілігі айтылды.  – Қазақ халқы ислам дінін өзі­нің ежелден қалыптасқан салт-са­насымен, озық дәстүрімен үй­лес­­­тіре, сабақтастыра отырып қа­­­был­дады. Сол арқылы бәзбір ұлт­­­тар секілді өзіндік ұлттық бол­мысы мен төл мәдениетінен ай­ы- рылып қалған жоқ. Дәсүрлі ис­лам сан ғасырлар бойы бабалары­мыз ұстанып келе жатқан дін мен дәстүрдің сабақтастығынан туындаған дүние. Қазақстан мұ­сылмандары діни басқармасы, Қазақстан мұсылмандары ұс­та­­натын Ханафи-матруди ме­к­тебі қазақтың дәстүрлі діни дү­ние­та­нымының негізгі мәйегі болып табылады. Матруди ілімі адамның табиғатын, болмыс-бітімін, ақыл-ой психологиясы мен ерік қалауын негізге алады. Елбасымыз айтқан рухани жаң­ғыру ұлттық рухани болмыс-пен және сенім-наныммен астасып жатыр. Сондықтан, жас­та­­­рымызға дұрыс тәрбие бе­ріп, хал­­­­қымыздың ұлттық құн­ды­­лық­­тары мен мәдени дәс­тү­рін құр­­меттеуге бағыт­та­уымыз ке­рек, – дейді дінтанушы Асқар Әкімханов.  – Қандай дін біздің рухани жаң­ғыруымызға көмектеседі деген кезде бүкіл Орталық Азия ел­де­рі ұстанатын бабаларымыздан келе жатқан ханафи бағытының жасампаз қырлары анықталады. Демократиялық қоғамда әр аза­маттың наным-се­нім таңдау еркі өзінде. Де­ген­мен, қоғамдағы бір­лік пен ты­ныштық ең бірінші қағида, не­гізгі іргетас. Әркім ойына кел­генін істеп, экстремизм мен тер­роризмге бара беретін бол­са, ал­ға дами алмаймыз. Бүгін тал­қы­ланған өткір мәселенің бар­лы­­ғы жүзеге асу үшін зиялы қа- у­ым өзінің ішкі әлеуетін көр­се­те бі­луі керек – дейді филосо­фия ғы­­лымдарының докторы, про­фес­­сор Серік Ермұратов.  Жиын барысында рухани жаң­ғыру бағыты бойынша өзге де мәй­екті мәселелер кең көлемде талданып, Елбасы мақаласында айтылған әр тақырып болашаққа тың серпін беретін маңызды құжат екені айтылды.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ