• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Кино 30 Мамыр, 2017

«Анаға апарар жол» фильмінің тұсаукесері өтті

358 рет
көрсетілді

Афинада Қазақстанның Грекиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен отандық «Анаға апарар жол» тарихи драмасының көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы елшілігі.

Мәдени шара Ұлы Отан соғы­сын­дағы Жеңістің 72 жылдығы және Қазақстан мен Грекия арасындағы дип­ломатиялық қатынастардың  25 жыл­дығына орай ұйым­дас­ты­рыл­ды.  Шақырылған қонақтар арасында Грекияның белді қоғам және сая- си қайраткерлері, дипломатиялық кор­пус, іскер және мәдениет өкіл­де­рі, Ахарнэ қаласы мэриясының бас­шылығы, сонымен қатар, бұрынғы қа­зақстандықтар – отандастарымыз көп болды. Қазақстан елшісі Алексей Волков фи­льм басталмас бұрын өз алғы сө­зін­де, Қазақстан мен Грек­ия арасында орнатылған дип­ло­ма­тия­лық қатынастардың 25 жы­лы ішін­­де халықтарымыздың бір-бір­і- ­не жақындай түскенін, Шымкент шаһарының бауырлас Ахарнэ қа­ла­сымен арада тығыз достық көпір ор­нағанын» айрықша атады. Ахарнэде көп­теген бұрынғы отандастарымыз тұ­рады.  Қазақстан елшісі елімізде болып жат­қан елелулі өзгерістер жайлы, атап айтқанда, Қазақстан Президенті Н.Назарбаетың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы тура­лы, сонымен қатар, «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қа­білеттілік» атты Жолдауының не­гізгі басымдықтары туралы баяндап берді.  Көрсетілімнен соң қонақтар дас­тар­қаннан дәм татып, Қазақстанның Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының ең үздік сурет туындылары ұсынылған бейнелеу өнері көрмесімен танысты.